Жаңалықтар тізбегі
0

Білім министрі жазғы мектептерді іске қосқалы жатқандарын айтты

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2021 17:48 24.kz
Оқу нәтижелері төмен оқушыларға арналған демалыс кезіндегі оқу мен жазғы мектептердің ұлттық бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр.

Оқу үлгерімі нашар балаларға арналған жазғы мектептерді іске қосу жоспарланып жатыр, - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оқу үлгерімі төмен оқушылар мәселесіне назар аудара отырып, білім сапасын қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру ісін жалғастырамыз. Пандемияға байланысты, әрине, білім сапасы төмендеді, сондықтан біз оқушыларымыздың білімін жетілдіру үшін жұмыс істейтін боламыз. Оқу нәтижелері төмен оқушыларға арналған демалыс кезіндегі оқу мен жазғы мектептердің ұлттық бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы жұмыс шеңберінде біз жеке білім беру ұйымдарына қосымша білім алуға мүмкіндік беру үшін конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс орналастырамыз, - деді министр.

Ол елімізде 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу қарастырылып жатқанын атап өтті. Математика, шет тілдері және информатика сияқты басым бағыттарға ерекше назар аударылатын болады. Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін алғаш рет типтік оқу жоспарларын тексеру және тестілеу қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, оның айтуынша, оқулықтардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптар бекітіледі. Сарапшыларға арналған біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: