Жаңалықтар тізбегі
0

Ана капиталы. Депутаттар орындалмайтын ұсыныстарды әдейі айта ма?

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2021 20:43 видеодан кадр
Халық қалаулылары көптің көзіне түсудің тәсілін меңгерген бе?

Әр отбасыға 20 сотық жер берілсін! Әр балаға 4 миллионнан төленсін! Бүгінде депуттаттар әлеуметтік мәселелерді жиі-жиі көтеріп, түрлі ұсыныстарын Премьер-министрге жолдап жүр. Бастамалар жұр арасында да жиі талқыға түсуде. Алайда айтылған сөз, ұсыныстар орындалып жатыр ма? Әлде халық қалаулылары көптің көзіне түсудің тәсілін меңгерген бе?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Несие амнистиясы, 21 мың теңге, зейнет жасын төмендету, 4 миллион 2 мың теңге! Соңғы уақытта мәжілісмендер түрлі ұсыныстар айтып, өзекті мәселелерді жиі көтеретін болды. Әрі айтқандары әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Алайда, халық қалаулыларының орындалуы екіталай мұндай бастамаларын жұрттың бірі хайп десе, өзгесі күлкі шақыратыны айтады.

Әлеуметтік мәселелерді отырыс құрғатпай көтеріп жүргендердің бірі – Айқын Қоңыров. Мәжілісмен былтыр несие амнистиясын жариялап, жерді де тегін таратып беруді ұсынған болатын.

Ал Александр Милютин зейнет жасын 60-қа төмендету керек деген еді. Бірақ Еңбек министрі бұл мәселе әзірге күн тәртібінде жоқ деп кесіп айтқан болатын.

Блогер Алмас Тоқабаев депутаттардың мұндай мәселені қозғап жатқаны орынды дейді. Себебі...

Алмас Тоқабаев, блогер:

Депутаттар осындай ұсынысты айту керек, айтылу керек. Нақты сол 4 млн бере алмаса да бұл мәселе жиі көтерілсе, жәрдемақының 60-70 мың, оны 2-3 есе көбейтсе, дәл қазіргіге жақсырақ болар еді. Мейлі популизм болсын, айтылған нәрсе піскен кезде орындалады деп ойлаймын.

Қоғам белсендісі Айша Құрманғали мәжілісмендердің кейбір ұсыныстары популизм, бірақ үнсіз отырғаннан гөрі өзекті мәсепелер жиі көтергені әлдеқайда дұрыс деп есептейді. Өйткені...

Айша Құрманғали, қоғам белсендісі:

Үнсіз отырғаннан гөрі айтылғаны дұрыс. жеткізгені. Үкіметтің есіне салып отырғаны дұрыс. Кейбір мәселелердің шешілмейтіні біле тұрса да, өзінің көрсетіп қалғысы келеді.

Ал өткен аптада депутат Ерлан Смайылов халықтың қолайына әбден жағатын, бірақ іске асуы екіталай ұсынысты айтып қалды. Оның есебінше, мемлекет жаңадан туған сәбиге кемі 4 млн 200 мың ақша төлеуі керек. Өйткені еліміздегі әрбір алтыншы бала кедей отбасында тәрбиеленеді екен.

Ерлан Смайылов, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты:

Елімізде ана капиталын енгізу қажеттілігі туындап тұр. Ол бойынша мемлекет Қазақстан азаматтарына дүниеге келген әр бала үшін 4,2 миллион теңге беруі тиіс. Бұл қаражат отбасының баспана мәселесін реттеуіне немесе баланы оқытуға, ананың зейнетақы жинағына жұмсалуы керек.

Осындай өзекті мәселелерді көтеріп жүрген депутаттарға хабарластық. Алайда олардың көбісі жауап бермеді. Тілдескендерінен көтерген ұсыныстарға қатысты мардымды жауап ести алмадық.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: