ҚР СІМ шетелдік инвестицияларды тарту мәселесін қарастырды

11 Наурыз 2021, 17:27
Сурет: Баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің басшыларымен онлайн-кездесу өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, іс-шараға бейінді және салалық министрліктердің, "АХҚО" АҚ басшылығы және "Kazakh Invest" АҚ-ның шет елдердегі өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында СІМ басшысы елімізге тартылатын тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 2025 жылға қарай 30 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі міндеттер тұрғысынан шетелдік мекемелердің инвестициялық бағыттағы жұмысын күшейту мен жандандырудың маңыздылығына назар аударды. Осы тұрғыда дипломатиялық өкілдіктердің жұмысы жыл қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу, оның ішінде қабылданған елдік инвестициялық бағдарламалар шеңберінде бағаланатын болады.

Дипмиссия басшылары инвесторлармен жұмыс істеу және 2021 жылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген елдегі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі жаңа тәсілдермен, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдар мен ұлттық компаниялардың бірінші басшыларының орынбасарларына инвестициялар тарту мәселелерін бекітумен егжей-тегжейлі танысты.

Ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі күшейту және елшіліктердің жұмысын үйлестіру үшін инвестициялық-экономикалық тректе бейнеконференцбайланыс арқылы шетелдік мекемелердің бейінді ведомстволармен, әкімдіктермен және ұйымдармен тұрақты негізде нысаналы кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?