Тоқаев ҚР СІМ сапарлар мен сыртқы саяси шаралардың кестесін талқылады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2019 15:33 Ақорда
Мемлекет басшысы инвестициялық саясатты жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ, сыртқы нарықтағы Қазақстан экспортын ілгерілету қажеттігін айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына министрліктің биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық саясатты жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ, сыртқы нарықтағы Қазақстан экспортын ілгерілету қажеттігін айтты.

Бейбіт Атамқұлов инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік құрылымдардың, соның ішінде өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылдарды жақсарту үшін қабылданған жүйелі шаралар туралы баяндады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сапарлар мен сыртқы саяси шаралардың кестесі талқыланды.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: