Алматы облысында бір түнде үш отбасы далада қалды

12 Наурыз 2021, 10:31
Сурет: иллюстрация үшін алынды

Алматы облысындағы Қопа ауылында түнде су тасқыны болды, деп хабарлайды zakon.kz.

КТК телеарнасы ұсынған видеодан көрініп тұрғандай, қызыл су үйдің іші-сыртын басып қалған. Күннің күрт жылынуының салдарынан қалың қар кенет еріп, ауыл шетіндегі үйлерге қар суы жеткен. Құтқарушылар арық қазып, аулаларды судан тазартып жатыр. Тұрғындар да аман-есен өз үйіне оралды. Үш отбасы далада қалды. Су шайған үй тұруға жарамсыз.

Азамат Жұртбаев, Алматы облысы ТЖД ресми өкілі:

- Еріген судың төгілу қаупі жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?