ШҚО-да құжаты жоқ 200-ге жуық азамат анықталды

12 Наурыз 2021, 15:29
Сурет: ШҚО ПД

Еліміздің шығысында құжаттары жоқ адамдардың мәртебесін реттеу бойынша акция өтті. Брифингке Қазақстан халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюросы директорының орынбасары Дживага Денис Андреевич қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті және "Қазақстан халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюросы" ҚБ 2020 жылдың 24 қыркүйегінен бастап барлық елдерде кең ауқымда іске қосылған құжаттарсыз тұрып жатқан адамдарды (бұрынғы КСРО паспортын уақытында ауыстырмаған, туу туралы куәліктермен тұрып жатқан 18 жастан асқан адамдар) құжаттандыру бойынша акцияны жалғастырып жатқанын айта кеткен жөн.

Осы акция аясында құжаттарсыз жүрген барлық адамдар анықталады, "ҚР азаматтығы туралы" Заңға сәйкес азаматтығын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп, Қазақстан Республикасының азаматтығына жататын адамдар жеке куәліктермен құжаттандырылады, ал қай мемлекеттің азаматтығына жататыны анықталмағандар азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігін алады.

2020 жылдың 24 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 10 наурызына дейінгі аралықта Шығыс Қазақстан облысы аумағында құжатсыз жүрген 186 адам анықталды. 100-ден астам адам 1974 жылғы үлгідегі паспортпен, ал 68 тұрғын туу туралы куәлікпен тұрып келген, тағы 11 адам ҚР азаматы емес болып шықты. Бұл ретте 161 адам құжат алды (оның ішінде: ҚР жеке куәлігімен - 154, азаматтығы жоқ - 7).

- Көп жағдайда бұл әртүрлі себептермен өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдар санаты, құжаттарының болмауынан олардың әлеуметтік көмек алуға және ресми түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері болмайды. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысы көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР аумағында олардың мәртебесін реттеуге кез келген құқықтық көмек көрсетеді, - деді Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов.

Қазіргі уақытта "Қазақстан халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюросы" үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп Өскемен қаласындағы РФ Бас консулдығына 1982 ж.т. РФ азаматы Е.А.Голцевті ұлттық паспортпен құжаттандыру туралы өтініш берілді.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті акцияның 2021 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылғанын ескертеді. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ тұрғындардың аумақтық органдардың көші-қон қызметтеріне жүгінуін сұраймыз, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?