Алматыда мектептерде карантиндік шаралар күшейтілді

12 Наурыз 2021, 16:26
Сурет: zakon.kz

Алматы мектептерінде карантиндік шаралар күшейтілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыда оқушылар, мұғалімдер және басқа мектеп қызметкерлері коронавирус жұқтырып алып жатыр. Жағдай тұрақсыз. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп жазады stopcov телеграм-арнасы.

Оқу жылының басынан бері қалада 906 оқушы коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 18% балалар қалыпты режимде оқитындар, 82% қашықтықтан оқитындар.

Осыған байланысты қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы білім бөліміне қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін мектепте 25 оқушыға дейінгі сынып-топтарды құруды тоқтату туралы хат жолдады.

"Қызыл" аймақта болу кезеңінде сыныптағы оқушы саны 15 адамнан аспауы тиіс.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?