Алматылық оқушылар ІІ-тоқсаннан бастап білім алудың дәстүрлі форматына біртіндеп көше бастайды
baiginews.kz
Онда да сыныптағы оқушы саны 15 адамнан аспауы керек.
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин "Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша одан әрі шаралар туралы" қаулыға өзгеріс енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Атап айтқанда, оқу жылының екінші тоқсанынан бастап 300 оқушыға дейінгі контингенті бар қалалық мектептерде дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етіледі, онда сыныптағы оқушылар саны 15-тен аспауы тиіс.
Сондай-ақ, қалалық мектептердің 1-ден 5-ке дейінгі кезекші сыныптарында, халықаралық мектептерде - 7-ге дейін ата-аналардың қалауы бойынша оқушыларға мектептен білім алуға рұқсат беріледі. Онда да сыныптағы оқушы саны 15 адамнан аспауы керек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript