Алматылық оқушылар ІІ-тоқсаннан бастап сабақты мектептен оқитыны рас па?

azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2020 23:15 azh.kz
Бұл шешім Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесіп қабылданады.

Алматы қалалық білім басқармасы эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда мектеп оқушылары қалай білім алатындығын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Халықтың аурушаңдық деңгейінің тұрақты төмендеуі кезінде мектептердің дәстүрлі білім беру форматына біртіндеп көшу мәселесі қарастырылатын болады. Санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бірінші кезең 1-4 сынып оқушылары, екінші кезеңде 5-11 сынып оқушылары штаттық режимдегі оқу салтына ауыстырылады. Бұл шешім Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесіп қабылданады, - деді Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: