Байден әрбір америкалыққа 1,4 мың доллардан таратқалы жатыр
АҚШ президенті Джо Байден бұрын өзі ұсынған "Америкалық құтқару жоспарын" іске қоса отырып, ел экономикасын ынталандыру және қолдау жөніндегі шаралар кешеніне қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл тарихи заңнамалық бастама осы елдің іргетасын қалпына келтіруге бағытталған және халыққа, еңбек адамдарына, орта тап өкілдеріне, осы елдің дамуына үлес қосушы әрбір азаматқа жақсы мүмкіндік береді, - деп келтіреді Байденнің сөзін ТАСС.
Пандемияның экономикалық салдарын жою жөніндегі шаралар кешені пандемиямен күресуге шамамен 400 миллиард доллар бөлуді қарастырады. Сондай-ақ, шамамен 1 трлн доллар халыққа көмек ақша ретінде, қалғаны экономиканы ынталандыруға бағытталуы керек. Жалпы шаралар кешені 1,9 трлн долларды құрайды.
CNN-ге сілтеме жасай отырып "Раньше всех. Ну почти" телеграм-арнасының хабарлауынша, осы соманың есебінен ұлттық вакцинация бағдарламасын нығайту, қауіпсіз жағдайда мектептерді ашу, шағын бизнесті қолдау, апта сайынғы федералдық жұмыссыздық сыйақысын ұлғайту жоспарланып отыр. Жұмыссыздарға 300 және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына 3,6 мың доллар қосу көзделген. Одан бөлек қолдауға мұқтаж америкалықтарға 1,4 мың доллар төлем төлеу ұсынылды. Нәтижесінде америкалық отбасылардың шамамен 90% -ы көмек ақшаға ие болмақ.
РИА Новости телеграм-каналы үй шаруашылығында отырғандардың 85% -ы тікелей төлем алатындығын жазады. Америкалық басылымдардың есебіне сәйкес, екі баласы бар және жылына 100 мың долларға дейін табыс табатын отбасы шамамен 5,6 мың доллар алады.
Ақ үйдің өкілі Джен Псаки америкалықтардың есепшотына бұл төлемдер "осы демалыс күндері" түсе бастайтынын мәлімдеді.