Шымкенттегі балықтардың қырылуына қатысты сараптама нәтижесі жарияланды

12 Наурыз 2021, 18:00
Сурет: Ашық дерекөздерден алынды

Шымкенттегі балықтардың қырылуы туралы сараптама нәтижесі белгілі болды. Балық өлекселерін тексерген зертхана қызметкерлері паразиттер мен радиацияға да қарсы талдау жасаған. Алайда қауіпті ештеңе таппаған, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар-24"-ке сілтеме жасап.

Балықтың жаппай қырылуының нақты себебін айту үшін су сынамаларының нәтижелері де қажет. Ол әзірге дайын емес. Ал сарапшылар өзендегі судың күрт төмендеуінен маринкалар өліп қалуы мүмкін деген де болжам жасады.

Бауыржан Саржанов, ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

- Балықтан проба алдық. Пробаны республикалық зертханаға өткіздік. Сол нәтижесі бойынша ешқандай жұқпалы аурулар, радиология мен паразитологияға тексерілді. Ешқандай ауру белгілері болған жоқ. Біздің жорамалымыз бойынша, сол жауыннан судың көлемі үлкейіп шетке қарай су тасып сол балықтар содан қалып кеткен болуы керек, жорамал осы
.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?