Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте тоқ соғып, күйік шалған қыздың оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2021 15:44 otyrar.kz
Туысқандарының айтуы бойынша және сол жердегі адамдардың айтуы бойынша, бір жарым, бір сағат бойы өртенген. Үлкен биіктіктен құлаған.

Шымкенте тоққа түскен 15 жасар қыздың денесінің 91 пайызын күйік шалды. Жасөспірім теміржол үстіндегі көпірдегі темір қалқа торға шыққан. Телефонмен видео түсірмек болған кезде аспалы электр сымына жабысып өртене бастаған, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Мөлдір Жұмағұлова, куәгер:

- Мына жерде бір отшашу сияқты атылды. Шашы сары қыз. Қимылдап жатты. Өртеніп, кәдімгідей жанып жатты. Мынандай шеттері жанып жатқан, ұзыннан жатты ғой ол қыз, осы жерде.

Оқиға орнында қыздың жанып кеткен киімінің шүберектері әлі торға жабысып тұр. Тіпті электр сымында қыздың шашы ілініп қалған. Куәгерлер осы маңда тұратын қыздың мұнда жиі келетінін айтады. Үнемі телефонға түсіріп жүретін дейді. Тик-токқа видео түсіргісі келді ме, әлде басқа жағдаймен қауіпті орынға көтерілді ме, оны ешкім әлі айта алмайды. Туыстары да ешкіммен тілдескісі келмейді. Ал сүйегіне дейін күйіп, денесінің 91 пайызы жанған қыздың өмірі үшін қазір дәрігерлер арпалысып жатыр.

Мадина Ермаханбетова, Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының бас дәрігері:

- Электр жарақаты, термиялы күйіктің электр жалынымен 2-ші, 3-ші А, Б және 4-ші дәрежесі. Күйіктен естен танған. Туысқандарының айтуы бойынша және сол жердегі адамдардың айтуы бойынша, бір жарым, 1 сағат бойы өртенген. Үлкен биіктіктен құлаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: