Тоқаев опат болған әскери қызметкерлердің отбасына көңіл айтты

13 Наурыз 2021, 20:20
Сурет: obk.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында болған ұшақ апатына қатысты көңіл білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек", деп жазды Президент Твиттерде.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 13 наурызда сағат 17:25-те Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінен сағат 17:22-де Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан AН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы әуежайына шұғыл қонғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, төрт адам қайтыс болды, екеуі жарақат алып, Алматыдағы No4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?