Ақмола облысындағы республикалық маңыздағы барлық жол ақылы болады

15 Наурыз 2021, 09:53
Сурет: inbusiness.kz

Ақмола облысында өткен қоғамдық тыңдалымда "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бұл өңірдегі жолдар қашаннан бастап ақылы болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Республикалық маңызы бар төрт автомобиль жолы астанаға қарасты аймақты басып өтеді. Олардың екеуі - Нұр-Сұлтан-Щучье және Нұр-Сұлтан-Қарағанды бұрыннан ақылы әрі көпжолақты болып табылады.

Қалған екі авто магистраль - Нұр-Сұлтан-Павлодар және Нұр-Сұлтан-Қостанай жолдарында биыл ақылы төлем жүйесі енгізіледі. Төрт жолақты жоғары жылдамдықтағы автомобиль жолы еліміздің шығысына қарай бағытталған, ал М-36 жолының Қостанайға дейін жалғасы әзірге екі жолақты болып қала береді. Бұл осы бағыттағы қозғалыс тығыздыңының жеткіліксіз қарқынымен байланысты, делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолының ұзындығы 396 шақырымды құрайды. Ақылы бөлігі Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Ерейментау ауданы арқылы өтеді.

Мұнда қазірдің өзінде 7 басқару аркасы орнатылған. Жол І-ші техникалық санатқа жататындықтан, оған рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық 140 км / сағ құрайды.
Нұр-Сұлтан-Қостанай жолының ұзындығы 650 км құрайды. Ақылы учаскеде 9 арка орнатылған, олар осы көктемде сынақ режимінде жұмыс істей бастайды.

Жеңіл автокөлік иелері мұнда ақы төлемейді, өйткені жол ІІ және ІІІ-санаттағыучаске болып табылады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?