Қазақстанда тағы бір жол ақылы болады
Сурет: Zakon.kz
Көлік министрінің "Республикалық маңызы бар Үшарал – Достық жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрығы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Үшарал – Достық учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны анықталды.
Ақылы жолдың ұзындығы 180 шақырымды құрайды.
Автобустар мен жүк көліктері үшін ақылы жолдағы ақы мөлшерлемесі белгіленді.
Ақылы жолдың қызмет ету мерзімі – 20 жыл.
Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылады.
Бұған дейін Қазақстанда ақылы жолдардағы тарифтерді тағы 20 пайызға көтеруді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript