Түркістан облысында BMW екі полиция көлігін жапырып өтті

видеодан алынды видеодан алынды
Жол апаты 14 наурызда Шымкент-Самара тас жолында болған.

Көктайғақ салдарынан BMW жүргізушісі екі патрульдік көлікті қақты, деп хабарлайды zakon.kz.

Аймақтық ПД хабарлауынша, жол апаты 14 наурызда Шымкент-Самара тас жолында болған.

Кешкі сағат 17.15 шамасында Түркістан облысы ПД жергілікті патрульдік полиция қызметкерлері тас жолдың 49-50 шақырымындағы учаскесінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысын реттеу үшін жол бойында тұрғаны анықталды. Осы уақытта Шымкенттен Түркістанға бет алған BMW жүргізушісі көктайғақтың салдарынан рөлге ие бола алмай, жолда тұрған KIA Rio маркалы екі қызметтік көлікке соқтығысқан, деп атап өтті ПД.

BMW жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы 1-бөлігі, "Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, адам денсаулығына зиян келтіруі, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтіруі" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушілер медициналық тексеруден өтті, - деп толықтырды полициядағылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз