Батыс Қазақстанда жеті жүк көлігі соқтығысып қалды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2019 17:41 Pixabay
Ірі жол апаты салдарынан Самара-Шымкент жолында көлік қозғалысы тоқтатылған.

Қазақстанның батысында Самара-Шымкент трассасында жүк көліктерінің ірі жол апаты болды, деп жазады Sputniknews.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Оқиға сейсенбі күні түске дейін тас жолдың 344-ші километрінде болған. Апат салдарынан жеті жүк көлігі зардап шекті. Кей деректерге сүйенсек, алда келе жатқан жүк көлігі кенеттен күрт тоқтап, салдарынан алып көліктер бір-біріне соғылған.

Көлік апаты орнында түсірілген видеода куәгер жолдың жабылғанын айтады. Көп ұзамай қозғалыс қалпына келтірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: