Алматыда қатты соққының салдарынан Volkswagen көлігі аударылып қалды
Назарбаев пен Гоголь көшелерінің қиылысында жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Volkswagen Transporter Назарбаев көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан.
Куәгерлердің айтуы бойынша, автокөлік қиылыстың ортасына шығып кеткен, сол сәтте Гоголь көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатқан BMW X5 көлігі оған соғылады.
Соқтығысқаннан кейін Volkswagen көлігі аударылып, жолдың қарсы бетінде келе жатқан Lada 2115 көлігіне соғылады. Сөйтіп Lada көлігі артында келе жатқан Hyundai Elantra-ға соғады.
Оқиға салдарынан 4 адам зардап шекті. Volkswagen көлігінің екі жолаушысы, оның біреуіне дәрігерлер ашық бас сүйек-ми зақымы деген диагноз қойды. Сондай-ақ, Lada көлігінің жолаушысы. Volkswagen жүргізушісіне оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға барудан бас тартты.
Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеуде.