Алматыда 20 жастағы қызды көлік қағып кетті

Алматыда 20 жастағы қызды көлік қағып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2026 14:17 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Өтеген батыр көшесінде болған жол-көлік оқиғасынан 20 жастағы қыз зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, Mitsubishi көлігінің жүргізушісі даңғыл бойымен батыс бағытта келе жатып, Өтеген батыр көшесіне солға бұрылған кезде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Зардап шеккен қыз түрлі жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Полиция жүргізушілерді, әсіресе қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде, маневр жасау кезінде барынша мұқият болуға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: