Grammy сыйлығын иеленген Imanbek: Соғым сойып, ет береміз...

15 Наурыз 2021, 14:55
Сурет: Instagram

Қазақстандық ди-джей және музыкант Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығын алғаннан кейінгі сезімімен бөлісті. Ол тарихта осы ең беделді әлемдік музыка сыйлығын жеңіп алған алғашқы отандасымыз болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Иманбек салтанатты шара кезінде қатты қобалжығанын мойындады, өйткені ол үшін бұл жайт аяқ-астынан орын алған.

Бұл рәсім Қазақстанғы уақытпен таңғы 4-те болуы керек еді, бірақ іс жүзінде оны тағы 2 сағат алдыға жылжытты. Біз істеп жатқан барлық жұмысымызды тастай салып, кеңсеге бардық, камераларды қосып, дайындалдық. Оның үстіне біз мен туралы деректі фильм түсіріп жатқанбыз, сонымен дыбыстық құрылғыларды тексеріп, байланысқа қосылдық. Сол кезде бізге "Үздік ремикс" номинациясының жеңімпазын 10 минуттан кейін жариялайтынын айтты. Бізбен сөйлесіп, модератор бір қыз отырды ол арада, әрине эфирде емес, жекелей өзімізбен сөйлесіп, алдын ала хабарлап отырды, - деді Иманбек ресейлік "Радиоэнергия" эфирінде.

Иманбекті ең бірінші болып сол қыз жеңісімен құттықтаған, ал ол өз кезегінде анасына хат жазғанын айтты.

Әлі мең-зеңмін. Әлі ойымды жинақтаған жоқпын, яғни өз-өзіме келген жоқпын. Қазір бойымды түрлі эмоция мен сезімдер араласа билеп тұр, уау десе де болады! Сонымен, ең алдымен, Ақсу қаласына жетіп алайын. Қазақтарда соғым соятын дәстүр бар, яғни бір жылқы сойып, жақын-жамағайынымен үстел басына жиналады, дәмдеп қуырдақ пісіреді, оны мұсылмандардың, қазақтардың ұлттық тағамы десе де болады. Осылайша біз бір үстелге жиналып, бұл сәтті атап өтеміз, - деп сөзін қорытындылады ол.

15 наурызға қараған түні қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) америкалық әнші SAINt JHN орындауындағы "Roses" әнінің ремиксі үшін Grammy сыйлығын алғаны белгілі болды. Иманбек YouTube-те америкалық әншінің "Roses" трекінің ремиксін жариялағаннан кейін ол бүкіл әлемге танымал болды. Видео миллиондаған қаралымға ие болып, бұл трек АҚШ-тың Billboard Hot 100 рейтингісінің бестігіне енді және рэпер Карлос Сент Джон Ақсу тұрғынына ремиксі үшін алғыс айтты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?