Жаңалықтар тізбегі
0

"Қой, не соғым бер дейді". Айлығы қолына тимейтін ауыл әкімі қызметінен кетті

turkystan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2019 15:19 turkystan.kz
Жұмыс сапармен келген шенділер округ әкімдерінен әлде ақша жинайды әлде тамақ сұрайды. Яғни, қой сұрайды, әлде соғым талап етеді дейді.

Іссапармен келген жоғары лауазымды шенеуніктерді қонақ қылып, сый-сияпат көрсетуден шаршаған Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметінен кетті. Ал қалған әкімдер жалақысын осындай орынсыз шығынға жұмсап, жұмысын жалғастыруға мәжбүр. Бұл туралы "Ақжайық - адалдық алаңы" жобасының басшысы Әлия Салиева мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, ауылға іссапармен келген шенеуніктерге көл-көсір дастарқан жайылады. Бұл аздай, олардың көлігіне қой салып, тіпті соғымын әперу де облыстың барлық ауданында бейресми дәстүрге айналған. Шектен тыс қонақжайлықтың кесірінен енді ауылдық округ әкімдері айлығын шайлығына жеткізе алмай отыр. Қазір ауыл әкімдерінің жалақысы 140-160 мың теңге аралығында. Мұндай шығынға әкімдердің өздері ғана емес, әйелдері де наразы. Енді қызмет бабымен ауылға барған лауазымдыларға біреудің үйінен тамақ ішіп, кәсіпкерлерге салмақ салуға тыйым салынады. Яғни, ішер тамағы мен жатар орнының ақысын өз қалтасынан төлеуі тиіс. Әйтпесе олармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті айналыспақ.

Әлия САЛИЕВА, "АҚЖАЙЫҚ - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" ЖОБАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Округ әкімдерінен әлде ақша жинайды әлде тамақ сұрайды. Яғни, қой сұрайды, әлде соғым талап етеді дейді. Олар айтады: "Біз өзіміз кәсіпкерлерден көмектесіп жібер", - деп сұраймыз. Бір сұраймыз, екі сұраймыз. Үшінші, төртінші рет өзіміз қалтамыздағы айлық жалақыны жұмсаймыз дейді. Сонда әйелдері айтады: "Біз мамыр айынан күзге дейін біз жолдастарымыздың айлық жалақысын көрмейміз. Сондай жағдайға жеттік", - дейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: