Блогер жасырған телефонды табам деп, халық тау-тас аралап кетті

15 Наурыз 2021, 15:42
Сурет: видеодан кадр

Жастар блогерлердің кесірінен тау-тасты аралап, карантин талаптарын бұзып жүр. Желіде жұлдызы жанған жандар ұтыс ойнатып қоймай, құнды заттарды әдейі жасырып, ұл-қыздарды әлекке салуда. Жақсылық істедім, көпке көмектестім деген вайнерлердің ұтыс ойындары тіпті қыз-жігіттерді масылдыққа жетелейтін көрінеді. Миллиондар мен қымбат көліктерге көз тіккен желі қолданушылары жеңіл ақшаға желпініп, күнінің жартысын түрлі онлайн байқауларға қатысумен өткізеді екен.

Адам жинамаймыз. Бірақ, біздің сіздерге берер сыйымыз бар. Бір "Apple Watch", бір телефонымызды осы бір жерге жасырамыз. Барлықтарыңа сәттілік. Ақтау, i love you!

Тағы да батпан құйрық! Бұл жолы блогерлер халықты сан соқтырудың жаңа амалын тапқандай. Мәселен миллион оқырманы бар Нұрдаулет есімді блогер - К аспийдің жағасына ең қымбат сағат пен телефонды жасырдым деп, Инстаграм парақашасы арқылы жалпақ жұртқа жар салды. Мұндай қазынаны дәметкен жұрт жаппай тау-тастарды аралап, оларды іздеуге кірескен.

Алайда каратин талаптарын бұзған блогер артынша кешірім сұрап,құзырлы органдарға түсініктеме беріпті. Бірақ, көп жағдайда жауапсыз қалатын блогерлер тек кешіріммен құтыла салады, дейді журналист Алмас Тоқабаев.

Алмас Тоқабаев, блогер:

Гүл сатқан болсын, кез келген адам ертең кешірім болған видеосын салады. Болды. Бізде жауапкершілік жоқ. Әрбір азаматтың мойына салған кезде, блогерлердің мәселесі реттеледі. Ойланып айтатын болады. Миллион подписчигі болсын, мессенджер.

Тегін дүние масылдыққа алып келеді. Сол себепті мұндай жеңіл-желпі дүниелерге заңмен шектеу қажет, дейді қоғам белсендісі.

Айша Құрманғали, қоғам белсендісі:

Әйтеуір біреу көріп істейді, біреуі еріп істейді. Әрине ол еріншектікке алып келеді. Біздің ішкі нарығымызға беретін түгі жоқ, сондықтан мұндай табыстарды шектеу керек. Заңнамалық шек қою керек. Жеңіл жолмен табыс тауып жатыр.

Ал Шымкентте ұйымдастырушылар 500-ге жуық кілемді таратамыз деп жар салған болатын. Затқа қызыққандардың қатарында еңкейген қария да, бесігін жетектеген аналар көп болды. Ұйқыны ұмытқандар ұтысқа тұрғындар таңғы алтыдан кезекте тұрған.

Алмас Тоқабаев, блогер:

Қоғамда ондай масылдық психологиясы бар екені рас. Бірақ. оны тудырып отырған блогерлар деп кесіп айту керек емес. Масылдықтың туындауына блогерлер себеп емес, айтқанынан жиналуына сол масылдықтың салдары. Салық салынуы керек, кәсіпкер ретінде бағалану керек деп ойлаймын!

Айтпақшы, тек Қазақстанға ғана емес ТМД елдеріне әйгілі блогер Мамаситаның Инстаграм парақшасы бұғатталды. Оның шамамен 5 миллионнан аса оқырманы бар еді. Әзірге блогердің әлеуметтік желісіне неге өшірілгені белгісіз. Десе де Мамасита бұл бәз-біреулердің қасақана жасаған ісі деп топшылайды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?