Теміртауда кісі, пәтер тонайтын екі жас қыз ұсталды

15 Наурыз 2021, 17:57
Сурет: polisia.kz

Теміртау қаласында екі жас қыз кісі тонаумен және пәтер тонаумен айналысқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 5 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 68 жастағы азаматша шағымданған.

Жәбірленушінің айтуынша, оған белгісіз бір қыз кенеттен шабуыл жасап, қолындағы сөмкесін ашық түрде тартып әкеткен. Оның қол сөмкесінде 47 мың теңге ақша және екі ұялы телефоны болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлеріне жәбірленуші өзіне шабуыл жасаған күдіктінің шамамен 20-25 жас аралығындағы қыз екенін айтқан. 6 наурыз күні осыған ұқсас тонау қаланың басқа азаматшасына қатысты жасалған. Жәбірленуші өзіне шабуыл жасағандардың жас қыздар екенін атап өтті. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 13 наурыз күні полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 23 және 32 жастағы екі азаматша анықталып, ұсталды. Олар қылмыстарын мойындады.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері олардың пәтер ұрлықтарына да қатысы бар екендіктерін анықтады. Күдіктілер кілт таңдау арқылы қаладағы пәтерлердің біріне заңсыз кіріп, құны 150 мың теңге тұратын компьютер ұрлаған. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталғандар қамауға алынды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?