Шетелдіктер мен қандастар жер учаскелерін меншіктей алмайды

15 Наурыз 2021, 21:05
Сурет: ia-centr.ru

ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жобаға сәйкес, Жер кодексінің 24-бабына мынадай өзгеріс енгізіледі:

"Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдіктер қатысатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысатын ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығымен иелене алмайды".

37-баптағы Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге беру нормасын қалдыру ұсынылады.

Қазақстан Республикасының шетелдіктер қатыспайтын мемлекеттік емес заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 49 жылға дейінгі мерзімге алу құқығы беріледі.

Сонымен бірге, жерді қандастарға беру тәртібі былай жазылған:

Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық және саяжай салу үшін жер учаскелерін беру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, ауылдық елді мекендердің жерінен, арнайы жер қорынан және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, босалқы жерден уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

171-бап мынадай бөлікпен толықтырылды:

"Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктер қатысатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысатын ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға жалдау шарттарымен 2016 жылғы 1 шілдеге дейін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығы жалдау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады және жаңа мерзімге ұзартылуға жатпайды".

23-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылды:

Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, саяжай құрылысы үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді қоспағанда, ауылдық елді мекендердің жерінен, арнайы жер қорынан және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді қоспағанда, босалқы жерден уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жер учаскелері беріледі.

Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Айта кету керек, Қандас мәртебесі мынадай жағдайда жойылады:

қандас Қазақстан Республикасы азаматтығын алғаннан кейін;
Қандас мәртебесін алған күннен кейін бір жыл мерзім өткенде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?