11 қараша. Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде тағы бір атаулы мереке пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесі хабарлайды.
2001 жылдың 13 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңының 4-бабына сәйкес үкіметтің қаулысымен жаңа мейрамның күні белгіленген.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізілсін. Мерекелік күндердің тізбесі 42-1-тармақпен толықтырылсын:
"42-1. Энергия үнемдеу күні – 11 қараша", - делінген хабарламада.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript