2019 жылы оралмандарды қабылдауға қанша квота бөлінгені белгілі болды

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2019 17:39 sputniknews.kz
Қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.

Биыл оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдауға қанша өңірлік квота бөлінгені белгілі болды. Үкіметтің тиісті қаулысы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, деп жазады Sputnik.

ҚР үкіметінің 2018 жылдың 29 желтоқсанындағы қаулысымен оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленді.

Құжатқа сәйкес, биыл оралмандарды қабылдау үшін 2 103 адамға, сондай-ақ, қоныс аударушыларды қабылдау үшін 7 771 адамға өңірлік квота бөлініп отыр.

Үкімет қаулысымен ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2019 жылдың 1 тамызына және 2020 жылдың 1 ақпанына қарай құжаттың орындалуы туралы есепті тапсыру жүктелді.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: