Қызылордада 21 жастағы қыз балконнан секірді

16 Наурыз 2021, 11:26
Сурет: Pixabay

Қызылордада көп қабатты үйдің балконынан секіріп кеткен 21 жастағы азаматша аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Қызылорда қалалық полиция басқармасына хабарлама келіп түскен.

Онда 1999 жылғы азаматшаның көп қабатты үйдің балконынан секіріп кеткені айтылған.

Облыс орталығының 21 жастағы тұрғыны медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1 бөлігімен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?