65 жастағы танысының атынан онлайн несие алған 28 жастағы жігіт ұсталды

16 Наурыз 2021, 12:31
Сурет: vesti.ru

Ақтөбе облысында Полиция бөліміне Байғанин ауданының 65 жастағы тұрғыны өзінің танысы келісімінсіз микрокредиттік ұйымға шамамен 100 мың теңге сомаға онлайн несие ресімдегені туралы өтінішпен жүгінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жәбірленуші сот орындаушылары қоңырау шалып, ай сайынғы төлемнің кешіктірілгені туралы ескерткен кезде өзінің атына несие ресімделгенін білді.

Учаскелік полиция инспекторлары осы қылмысты жасады деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстады, ол зардап шеккен адамға несие алуға көмектесуге уәде берген. Күдікті төлқұжат деректері мен интернет-ресурстарды пайдаланып, микрокредиттік ұйымдарға өтініш берген, ақшаны өз шотына аударып, ал танысына несие мақұлданбағанын айтқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?