Жаңалықтар тізбегі
0

Шұғыл қоңырау: телефон ұрыларынан сақ болыңыз

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2019 16:41 Baq.kz
Алаяқтық дерегіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Астана қаласының полиция қызметкерлері ұялы телефондарды ұрлауға бағытталған алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткені туралы азаматтарды ескертеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Алаяқтардың жиі қолданатын "шұғыл қоңырау шалу" туралы өтініші алаяқтық тәсілдердің ішінде кең тараған түрі.

Қаланың үш тұрғыны көшеде келе жатқан белгісіз адамдар қоңырау шаламын дегенді сылтауратып, олардың ұялы телефондарын иемденіп кеткені және белгісіз бағытта жасырынып кеткені туралы полицияға арызданды.

Осылайша, полицияға көшесі бойында өтіп бара жатқан ер адамның ұялы телефонын сұрағаны туралы азамат арызданды. Қолына телефонды алғаннан кейін, сол сәтті пайдаланып, ер адам жасырынып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұялы телефон иесіне қайтарылды.

Егер де сізден телефоныңызды сұраған жағдайда мұқият болыңыз. Өтіп бара жатқан адамға көмектескіңіз келсе, телефонды бейтаныс адамның қолына әсіресе қараңғы тәулікте бермей, нөмірді өзіңіз теріңіз. Алаяқтардан сақ болыңыз.

Сізге және сіздің жақындарыңызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалған жағдайда тез арада Астана қаласы ПД жүгініңіз (Бейбітшілік көшесі 19) немесе 8 (7172) 71-65-50 немесе 102 телефонына қоңырау шалыңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: