Шымкентте Қонаев даңғылы қирап жатыр

16 Наурыз 2021, 14:19
Сурет: Әсет Әссанди

Бүгінгі көргенімізді "масқара!" деген бір ауыз сөзбен ғана бағалауға болатындай, дейді желіде Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Әсет Әссанди.

Қала көшелері мен даңғылдарының аянышты түрін көріп: "Бүкіл жемқорларды қарғыс атсын!" деп айқайлап жіберуге шақ қалдық. Міне, ХХІ ғасырдағы жеткен жетістіктеріміз! Қонаев даңғылы қирап жатыр, Қазиев көшесі жылап жатыр, Інжу-Маржан көшесінің аты жақсы болғанымен, заты сол атқа лайық емес. Ал, Мейірімді көшесінің қала тұрғындарына деген мейірімі – ғайып-елес! Мына түрімізбен қалай ел боламыз, ағайын, дейді пост авторы.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?