Қазақстанның оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауады

16 Наурыз 2021, 16:11
Сурет: yandex.ru

Қазақстан территориясының басым бөлігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек еліміздің батысында және оңтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, жел күшейеді.

Маңғыстау облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі. Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен бірге күшейеді. Атырау, күндіз Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?