Дауыл соғып, тұман түседі - 21 қазанның ауа-райы

pixnio.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2019 15:15 pixnio.com
Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман күтіледі.

Қазақстанның басым бөлігіне кең алқапты антициклон әсеріне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстік және шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, шығыста кей жерлерде – жаяу борасын, көктайғақ, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу борасын күтіледі, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-23 м/с күшейюі күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі

Түнде Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде үсік 1-3 градус күтіледі.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: