Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте базар сатушылары шу шығарды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2021 16:58 видеодан кадр
Әкімдік ескі жайма орындарын заманауи дүңгіршектерге айналдыру талабын қойыпты.

Шымкенттегі Самал базарында сатушылар шу шығарды. Олардың айтуынша, базар әкімшілігі жайма сауда орындарының орнына заманауи дүңгіршек саламыз деген желеумен жаңа нысандарды қайта сатып алуға мәжбүрлеп жатыр екен. Кәсіпкерлер әсіресе, сауда-саттық құлдыраған карантин кезінде құрылыс жүргізіп, қомақты ақша талап етсе, көбімізді құрдымға жібереді дейді.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ай сайын осы орным үшін 18 мың теңге жалға алу құнын төлеймін деген Гүлнәр Иманқұлова базар басшылығының бұндай өзгеріс жасауына түбегейлі қарсы. Сатушы аты жаман ауру дендегелі сауда-саттық мүлде тоқтағанын айтады. Карантин қыспаққа алған кезде де жарнасын өтеуді тоқтатпапты. Салығы тағы бар. Соған қарамастан базар әкімшілігі жаңа орын саламыз деп қалтамызды тағы қаққалы отыр дейді.

Гүлнәр Иманқұлова, базар сатушысы:

Ауырдық, карантин болды, мертвый сезон болды. Енді адам болып, енді көктемге іліндік па деген кезде мынандай ремонт бастаймыз деп тұр. Біз ремонтқа қарсымыз. Бір ауыз сөз сол! Мынаның бәрінің кредиті бар, мынаның бәрі қарыз. Ана жақта еще жартысы бар. Ешкім төлей алмайды шынын айтқанда!

Базардағы 100-ден астам кәсіпкердің айтары осы. Кезінде осы жайма орындарды сатып алып, барлық жарнасын уақтылы өтеп жатырмыз, дейді. Қазір айналымда ақша жоқ. Әдетте, жергілікті «оптовик» атанған көтерме базарлардан тауарды алып-сатумен айналысқан. Оның өзін қарызға алып жатырмыз. Сондықтан басшылықтың бұл өзгерісі ауыр соққы болды дейді.

Несібелі Әнетова, базар сатушысы:

Аяқ киімнің рядының бәрін бұзып, қайталап, 3-те 3,5 бутик салып, сатамыз деп отыр. Оған шамамыз жоқ. Ақшаларың барларың алыңдар, ақшаларың жоқтарың әрқайсына бір метрден есептесіп, ақшаларыңызды қайтарып береміз дейді. Болмайтын ақша қайтарып береді. Пәленбай мың теңгеге сатады, оған алатын жағдайымыз жоқ біздің. Сөздің шыны керек.

Сатушылардың айтуынша, базар ішінен орын алу қатты қымбаттап кеткен. Бұл әрине, тауар бағасына да әсер етеді дейді. Жұрт көп жүретін жерлер тіпті, 6 млн теңгеге бағаланады екен.

Айя Нұрғалиева, базар сатушысы:

4 метр болса уже 1 млн боп кетеді. Одан үлкендеу болса, 5 млн-ға дейін. Проход болатын болса 5 млн, 6 млн-ға дейін кетіп жатыр. Мысалы менің 3 орным бар сол жерде, 3 орынға сен орын ала аласың ба деп айтты маған. Мен алуым үшін қалтамда 3 млн ақшам болуы керек екен. Ал менің қазіргі тұрған 3 миллионымды место қып санап тұрған жоқ.

Ал базар басшылығы ескі жайма орындарын заманауи дүңгіршектерге айналдыру әкімдіктің талабы деп отыр. Сондықтан оны орындау міндет. Ал сатушылар сомадан қиналмайды, себебі осы күнге дейін сауда істеп келген. Бірақ бағаның бағамы басқа деп қайырды.

Жанабіл Сабев, базар заңгері:

Бұны сәуір айының 10-нан бастаймыз деп отырмыз. Жобасы сол 1,5 млн көлемінде толық бітеді деп отырмыз. Жылыту жүйесі, соғылуы, бітуі, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, одан кейін газ қондырғыларын құру, в общем барлығына сондай шамада кетіп қалады деп отырмыз. Үстемақы қойылмайды.

Осылайша, базар әкімшілігі саудагерлермен санасып отыратын уақыт жоқ, олар байбалам салса да, жаңғырту бәрібір жүргізіледі дейді. Ал бұған наразы кәсіпкерлер арызымызды енді Президентке арқалап барамыз деп бел буып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: