Түркістанда уланып көз жұмған бес адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды

17 Наурыз 2021, 11:27
Сурет: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында бір отбасындағы бес адамның бүтіндей газдан уланып көз жұму оқиғасына қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бүгінгі таңда бұл қылмысты жасады деген күдіктілердің бірі Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол - газ құрылғыларын орнату фирмаларының бірінің директоры. Жүргізілген тергеу жұмыстарының аясында оның іске қатысы бар екені дәлелденді. Күдіктілер қатары тағы толығуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті Түркістан облыстық ПД Тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.

Ақпан айының соңында Түркістан қаласындағы жеке үйде бір отбасы мүшесі: ​​бір әйел және оның төрт баласы қаза тапты. Өлімнің себебі - көміртегі тотығынан (газдан) улану. Оқиға орнына Түркістан облысының ПД бастығы, төтенше жағдайлар департаменті, әкімдіктің және басқа да қызметтердің өкілдері аттанды. Тергеу барысын Түркістан облысының әкімі жеке бақылауына алды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?