Жаңалықтар тізбегі
0

Перуашев Мәжілісте ұлттық компания менеджерлерінің арсыздығын әшкереледі

googleusercontent.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2021 18:21 googleusercontent.com
Ол партияның ұлттық бюджетті немесе мемлекеттік кәсіпорындардың бюджетін қоса бақылау бойынша Парламенттің өкілеттігін күшейту міндетін алға қойғанын баса айта кетті.

Мәжіліс отырысында "Ақ жол" фракциясының жетекшісі Азат Перуашев ірі компаниялардың топ-менеджерлері өздеріне миллиондаған бонустарды жазып алып, салық төлеушілердің ақшасына фитнес пен демалыс орындарына қалай жұмсағанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

"Ақ жол" фракциясы 2013 жылы отандық тауар өндірушілерді қолдау тұрғысынан мемлекеттік сатып алулар шаралары туралы заңның алынып тасталуына қарсы болғанын еске салғым келеді. Біз сол кездегі үкіметтің мұндай шешіміне қарсы дауыс бердік. Қаржы министрлігі сол кезде бізді отандық өндірушілерді қолдаудың барлық шаралары сатып алу туралы заңға ауыстырылып, сонда көрініс табады деп хат арқылы сендірді. Біз 15-ке жуық өтініш жіберіп, осындай заң қабылдауды талап еттік. Алайда, мемлекеттік органдар мен Қаржы министрлігі оны ақырында орынсыз деп тапты. Осы уақыт аралығында 4 немесе 5 қаржы министрі ауысты. Осыған қарамастан, бұл заң жобасы қазір Мәжілісте әлі жатыр және бұл өз кезегінде жағымды факт болып табылады, деп еске салды Азат Перуашев квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы заң жобасының бірінші оқылымы талқылауында.

Оның айтуынша, заң жобасы "Самұрық-Қазынаның" озық тәжірибесіне негізделген, мұнда соңғы жылдары отандық бизнесті қолдауға көп күш жұмсалып, жаңа тәсілдер әзірленуде, бірақ заң жобасы бірқатар жетілдіруді қажет ететін маңызды мәселелер де бар.

Сонымен, депутат құжат жалпы сипаттағы 18 баптан тұратынын және ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтер тек заңдарды ғана емес, сонымен қатар өздерінің сатып алу ережелерін басшылыққа алатынын айтты.

Заң жобасы бүкіл квазимемлекеттік секторды қамтымайды, тек ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды және ӘКК-ны ғана қамтиды. Мемлекеттік сатып алу туралы заңмен реттелетін орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға қарасты әр үрлі РМК, ЖШС оның шеңберінен тыс қалады, - деп атап өтті депутат.

Ол бұл заң жобасын әзірлеушілер ​​сатып алуларды бақылау сияқты маңызды сәттерді ерекше түрде түсіндіретінін қоса айтты. Бұл ретте ол Ұлттық компаниялар сатып алудың орталықтандырылған қызметінің жұмыс тәртібін анықтайтыны туралы 13-бапты мысалға келтірді.

Яғни, Қаржы министрлігі тәртіпті, бақылауды қалайды, ал ненің бақылауға жатпайтынын олардың өзіне анықтауды қалдырып отыр. Біртүрлі логика ма?.. Осы саладағы жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ миллиардтаған долларлық операцияларды ескере отырып, бұл тәсіл "қасқырға қой бақтырған" дегенге саяды. Өз тәжірибемізге сүйене отырып, бұл тәсілдің бізді қанағаттандырмайтынын айтамыз. Сондықтан фракция Ұлттық компанияларды бақылау тәртібін өздері емес, орталықтандырылған қызмет немесе оларға тәуелсіз мемлекеттік аудит анықтауы керек деп талап етеді. Қалай болғанда да, бұл субъектілер мемлекет ақшасын басқарады емес пе, - деп түсіндірді Азат Перуашев.

"Ақ жол" фракциясы жетекшісінің айтуынша, заң жобасына қатысты басқа да мәселелер бар. Ол партияның ұлттық бюджетті немесе мемлекеттік кәсіпорындардың бюджетін қоса бақылау бойынша Парламенттің өкілеттігін күшейту міндетін алға қойғанын баса айта кетті.

Бірақ олардың көпшілігінің араны әбден ашылған, еш қымсынбастан мемлекет қазынасына қол созып, мемлекет есебінен заңсыз және бақылаусыз баюдың жолына түскен. Сыбайлас жемқорлық схемалары үнемі пайда болады. Компания үлкен шығынға ұшырап отырса да оның менеджерлері өздеріне миллиондаған долларлық бонустар жазады. Сондықтан Ұлттық компанияның бюджеті, олардың еншілес компаниялары, министрліктер мен әкімдіктерге қарасты әр түрлі РМҚК мен ЖШС, мысалы, СК Фармация сынды компаниялардың бюджеті мүмкіндігінше ашық болуы керек, республикалық және жергілікті бюджеттерге енгізіліп, оларды басқару қоғамға тапсырылуы тиіс, қоғам алдында қол жеткізілген нәтижелер мен батқан шығындары бойынша есеп берсін. Біздің ойымызша, ұлттық компаниялардың бюджеті ашық болған жағдайда, мысалы жұмысы өнімді болмай, пандемия кезінде дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен адамдардың өліміне әкеліп соққан "СК Фармация" басшылығы өздеріне ондаған миллион теңге сыйақы жазбас еді. Немесе тағы бір мысал, мемлекеттік кәсіпорынның бірі менеджерлерінің фитнеске, спа-салонға баруы үшін салық төлеушілердің қалтасынан 40 млн теңге төлемес еді. Онда да бұл көпшілікке мәлім болған жәй фактілер ғана, - деп сөзін түйіндеді Перуашев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: