Елбасы Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

17 Наурыз 2021, 12:45
Сурет: elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Әңгіме барысында тараптар алда келе жатқан көктемгі жаңғыру - Наурыз мейрамына байланысты жылы лебіздерін білдіріп, дәстүрлі түрде стратегиялық серіктестік, тату көршілік және екі бауырлас халықтардың достығы рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастардың деңгейіне жоғары баға берді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев аймақтық күн тәртібінің ағымдағы аспектілерін, сондай-ақ алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады.

Әңгіме өзбек тарапының бастамасымен өтті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?