Елбасы Шавкат Мирзёевті туған күнімен құттықтады

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2019 23:32 inbusiness.kz
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев күн тәртібіндегі өңірлік мәселелерді де талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтап, зор денсаулық және мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Өзбекстан халқына бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Тараптар соңғы жылдары қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында Қазақстан-Өзбекстан арасындағы көпқырлы ынтымақтастық тың серпін алып, жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Телефондағы әңгімеде өзара сауда көлемінің артуымен және экономикалық қатынастардың нығаюымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстардың белсенді дамып келе жатқанына назар аударылды. Атап айтқанда, 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы табысты өтті, биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында іс-шаралар өткізілуде.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев күн тәртібіндегі өңірлік мәселелерді де талқылады.

Тараптар тату көршілік рухында және екі ел халқының игілігі жолында дамып келе жатқан Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық қатынастары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: