Назарбаев пен Ердоған сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға келісті
akorda.kz
Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті.
Кездесуде мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоған халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript