Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ пен қырғыздан жақын халық жоқ: Назарбаев Сооронбай Жээнбековпен кездесті

akorda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2018 14:27 akorda.kz
Нұрсұлтан Назарбаев Шолпан-Атаға барды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековті Қырғыз Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, бауырлас халыққа тыныштық пен тұрақтылық және бақ-береке тіледі.

– Қазақ пен қырғыздан жақын халық жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мен әрдайым Қырғызстанды қолдап келемін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы екі ел арасында жол картасы қабылданып, үкіметаралық комиссия тиімді жұмыс істеп жатқанын айтты.

– Сіз Президент болып сайланғаннан бері біз жиі кездесіп, көптеген мәселелерді талқыладық. Екі жақты қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтерілуде. Сауда-саттық көлемі артып келеді. Бүгінде елдеріміз арасындағы барлық проблемалар, соның ішінде шекаралық мәселелер толық шешімін тапты, – деді Қазақстан Президенті.

Сооронбай Жээнбеков шақыруын қабыл алып, Шолпан-Атаға келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы қатынастардың достық сипатын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары кездесу соңында екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: