Алдағы үш күнге арналған ауа-райы

17 Наурыз 2021, 15:00
Сурет: 24.kz

"Қазгидромет" РМК 18-20 наурызға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Метеорологтардың айтуынша, Қазақстан аумағына ауысатын Қара теңіз циклоны жақын күндері республиканың барлық өңірлерін қамтиды.

"Соның салдарынан бұлт көшіп, жаңбыр мен қар аралас жауады, қатты жел тұрып, көктайғақ болуы ықтимал, кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі", – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, 17 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы антициклонға байланысты жауын-шашынсыз болады. Тек батыста және оңтүстік-батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?