Елімізде күн қайта күрт суытады

vecherka74.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2021 17:20 vecherka74.ru
Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Синоптиктер16-18 ақпанға арналған Қазақстанның ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, республикамыздың батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді деп күтіледі.

Салқын ауа массалары бар солтүстік-батыс антициклон республикамыздың батыс және солтүстік бөліктеріне ойысып жетіп, ауа температурасы күрт төмендейді. 17-18 ақпанда Түркіменстаннан оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік аймағының оңтүстік-батыс, орталық және оңтүстік бөліктеріне ауысады. Соның салдарынан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, республикамыздың солтүстігі мен батысында боран тұрып, қар жауады, - дейді синоптиктер.

Сондай-ақ, республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: