Жүріп келе жатқан машинадан түскен жүргізуші жазаланды

17 Наурыз 2021, 15:46
Сурет: kolesa.kz

Жақында әлеуметтік желіде тағы бір даулы видео жарияланды. Онда Toyota Camry жүргізушісі жүріп келе жатқан машинадан шығып, асфальтта аяғымен сырғанайды. Ол Шымкент – Самара тас жолындағы мұзды өзгелерге көрсету үшін осы қадамға барған. Бірақ оның бұл әрекеті сәтсіз аяқталып, өз көлігінің астына түсіп кете жаздады, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Видео әлеуметтік желі қолданушыларының ғана емес, полицейлердің де назарын аударды. Бейнежазбадағы азамат Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Оған жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 593-бабы, 3-тармағы бойынша хаттама толтырылды. Мұндағы 3-тармақ жүргізушінің аталған ережені бір жыл ішінде екінші рет бұзғанын білдіреді. Айыппұл мөлшері — 10 АЕК (29170 теңге).


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?