Астана тұрғыны лас суды қала аумағына төгіп келген
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
Мұндай әрекеті үшін ол 50 мың теңге айыппұл арқалады.
Астанада шаруашылық зәрнәжіс суын белгіленбеген орынға төккені үшін "ГАЗ 5307" автокөлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабрлайды Zakon.kz.
Астана қаласы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен шаруашылық зәрнәжіс суын белгіленбеген орындарға төгуге жол берілмеуге бағытталған іс-шаралар жүргізіліп, тұрғындар арасында әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін берілетін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын тұрғылықты түрде жүргізіп отырады.
"Осылайша, 2019 жылдың ақпан айының 12-де Астана қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен қала аумағын аралау барысында белгіленбеген орында, яғни Байтұрсынов көшесінің бойында шаруашылық зәрнәжіс суын төккен 1987 жылы туылған К. есімді азамат анықталды. 32 жастағы елорда тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (50 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жалпы жыл басынан бері, белгіленбеген орындарда зәрнәжіс суын төккен 33 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы соммасы 1 млн. 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript