Үндістанда қазақстандық азамат жалған әуе билетін жасағыны үшін ұсталды
Pixabay
Полицияның мәліметінше, мұндай құқықбұзушылық үшін ол 10 мың рупий айыппұл төлеуі мүмкін (53 мың теңге).
Үндістан астанасының әуежайында жалған әуебилетін жасаған Қазақстан азаматы ұсталды. Мұны сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әйбек Смадияров брифингте хабарлады, деп жеткізді Zakon.kz.
"Нью-Дели әуежайында жалған әуебилетін жасаған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл мәселе біздің Үндістандағы елшіліктің консулдық бөлімінің бақылауында тұр. Полицияның мәліметінше, мұндай құқықбұзушылық үшін ол 10 мың рупий айыппұл төлеуі мүмкін. Әуежай қызметкерлерінің ақпаратынша, оны тұтқындамаған, жәй ғана ұстаған. Хаттама толтырылған соң ол бастандыққа шығарылады. Оның төлқұжатын алып қойған, айыппұлды төлегеннен кейін әкімшілік соттан соң құжат бірден қайтарылады", - деді Әйбек Смадияров.
Баспасөз қызметінің жетекшісі - қазақстандық "Эйр Астана" әуе компаниясының билетін жасамақшы болған - деген мәлімет келтірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript