Jusan Bank пен АТФБанк банкоматтар желісін біріктірді

18 Наурыз 2021, 13:01
Сурет: Jusan Bank & АТФБанк

Jusan Bank және АТФБанк банкоматтар желісін біріктірді, Қазақстанда олардың жалпы саны 1 150 құрылғыны құрап отыр, олардың ішінде 182 аппарат қолма-қол ақша алуға арналған cash-in функциясымен жабдықталған, деп хабарлайды zakon.kz.

Клиенттердің екі банк банкоматтарын пайдалану бойынша тарифтер өзгеріссіз қалады. Jusan Pay төлем карталарын ұстаушылары бұрынғысынша кез келген банк банкоматынан 500 мың теңгені ай сайын комиссиясыз ала алады, ал Jusan Bank және АТФБанк банкоматтарынан сома бойынша ешқандай шектеу болмайды. Өз кезегінде АТФБанк карталарының барлық түрін пайдаланушылар үшін Jusan Bank банкоматтарынан қолма-қол ақшаны алу АТФБанк банкоматтарында қызмет көрсету шарттарымен бірдей болады, делінген екі банктің бірлескен хабарламасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?