Алматы облысында орман жаңғағы өсіріле бастады

18 Наурыз 2021, 13:12
Сурет: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысында жаңғақ өсіру қолға алынуда. Еңбекшіқазақ ауданындағы "Мәншүк" шаруа қожалығы биылғы күзде 20 гектарға жас көшеттер отырғызбақ, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаруа қожалығының жетекшісі Мәншүк Жексембекованың айтуынша, шаруашылық орман жаңғағын өсіруге 2017 жылдан бастап ден қойған. Алғашында 2018 жылы 10 гектарға отырғызылған қарқынды бақ келесі жылы алғашқы өнімін береді. Енді қожалық бақтың көлемін ұлғайтып, тағы 20 гектарға жас көшет егуге ниеттеніп отыр. Көшеттер 2 жыл бұрын әкелінген, қазір жылыжайда, биылғы күзде отырғызылады.

Біз жұмыс барысында заманауи технологияларды қолданамыз. Тамшылатып суарудың тиімділігін көріп отырмыз. Өзіміздің метеостансамыз бар, соның арқасында ауа райының қалай құбылатынын, ауа температурасы мен ылғалдығын біле аламыз. 1 гектардан 4 тоннадай жаңғақ аламыз деп жоспарлап отырмыз, - деді М. Жексембекова.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл ескі бақтарды жаңарту есебінен Алматы облысында 520 га жерге көшет отырғызу жоспарланған, оның 20 гектарына жаңғақ отырғызылады, 500 га жеміс-жидек болмақ, соның 120 гектары - қарқынды бақ. 157,6 мың тонна жеміс-жидек алу жоспарланса, 115,2 мың тоннасы алма болмақ.

Еске салсақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі бақтардың жалпы алаңы 23,7 мың гектарға жетті, соның ішінде алма бағы – 14,2 мың га. Жеміс-жидек пен жүзімнің жалпы өнімінің көлемі 151,1 мың тоннны құрады, сол қатарда алманың көлемі 107,8 мың тоннаға жетті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?