Алматыда Герольд Бельгер ескерткіші ашылды

19 Наурыз 2021, 14:48
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы Герольд Бельгер ескерткіші ашылды, деп хабарлайды zakon.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық жазушысы ескерткішінің ашылуына байланысты арнайы хатын оқып берді.

- Халқымыз "Гераға" деп құрмет тұтқан Герольд Карлович саналы ғұмырында ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениетін өркендетуге, қазақ тілінің қарыштап дамуына айрықша үлес қосты. Бала шақтан дала демократиясын бойына сіңіріп өскен қарымды қаламгер ұлт руханиятындағы өткір де өзекті мәселелерді де әрдайым бүкпесіз айтып, қоғамда талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынып отырды. Ең бастысы, жазушы Герольд Бельгер өзінің өмірі мен өнері арқылы бірлігі жарасқан біртұтас Қазақстан халқын қалыптастыру ісіне қалтқысыз қызмет етті, – делінген Мемлекет басшысының арнайы хатында.

Мемлекеттік хатшы өз кезегінде қазақ ауылында шынайы достық пен жан жылуы ортасында тәрбиеленген "Гераға" қазақ халқының тіліне, діліне, мәдениеті мен өнеріне деген шынайы қамқорлығы мен құрметін өмірінің соңына дейін сақтағанын атап өтті:

– Оның шығармашылығы өскелең ұрпақты рухани нәрлендіретін өмірлік даналықтың қазынасына айналды. Бүгін біз тәуелсіз Қазақстанның рухани жаңғыруының игілігіне арнаған қажырлы еңбегі мен асыл жүрегі үшін халқымыздың көрнекті ұлына құрмет көрсетеміз, – деді Мемлекеттік хатшы.

Қырымбек Көшербаев ескерткішті әзірлеу және ашу жұмыстарын жүргізгені үшін мүсінші Нұрлан Дамбайға, меценат Нұрлан Смағұловқа және басқа да осы игі іске атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?