Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2020 21:52 Facebook
Жобаның авторы - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин.

Қарағандыда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұлы ақынның ескерткіші ашылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Облыс орталығының ең жайлы және көрікті көшелерінің біріне Абай есімі берілген. Бүгін Абай қаласында ұлтымыздың ұлы ұстазына арнап ескерткіш ашылды. Аталған шараға қоғам және мемлекет қайраткері Сауытбек Әбдірахманұлы, абайтанушы ғалым Ғарифолла Есімұлы, айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры Ерлан Ерназарұлы арнайы келді", - деп жазды Ж.Қасымбек.

Жобаның авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин екенін айтып өтті.

"Аталған мәдени нысанның ашылу салтанатына орай аудандық мәдениет үйінің алаңы мен қасбетін қайта құру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ескерткіштің ашылу салтанатына орайластырылып жергілікті ақындарымыздың "Абай жаққан бір сәуле..." атты шығармалар жинағы мен М.Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының әлемнің 18 тіліндегі дисктік жинағы шығарылды. Кітаптарды цифрлау Шахтинск қаласының орталық кітапханасымен бірлесіп жүргізілді", - деді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: