Нұр-Сұлтанда мереке күндері қоғамдық көлік жүретін болды

19 Наурыз 2021, 14:54
Сурет: astana.gov.kz

Наурыз мейрамын мерекелеу күндері, 22-24 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлайды.

Бірақ Жексенбі күні, 21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады.

Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күн жұмыс істемейді. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Бұл жағдайда жолаушылар маска режимін сақтау қажеттілігі туралы ұмытпауы керек. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?