Нұр-Сұлтан мен Алматыда мереке күндері қоғамдық көлік жұмыс істей ме?

platon.asia, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2020 20:23 platon.asia
Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады.

Нұр-Сұлтан әкімдігі мереке күндері елордадағы қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейтіндігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жұмыс күнгі 18 желтоқсан 20 желтоқсанға ауыстырылды. Осыған орай жексенбі күні қоғамдық көлік сағат 06: 00-ден 23:00-ге дейін жұмысын жалғастырады. Сондықтан мереке күндері, атап айтқанда 16-19 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді", деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынады.

Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру қажет. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, яғни көлік картасы, SMS, QR-код арқылы төленеді.

Алматы әкімдігі де қоғамдық көліктердің жұмысында еш өзгеріс жоқ екенін атап өтті.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: